Туркестан

Туркестанская обл. ул. С.Кожанова строение 56Б

+7 (7252) 77-31-61

режим работы:
09:00 - 18:00

info@turkestanopab.kz

электронная почта
shymkentgormorg_@mail.ru

Бюро туралы

Түркістан облысы  денсаулық  сақтау басқармасының «Облыстық  патологиялық-анатомиялық  бюросы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1993 жылы Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы мен қалалық инфекциялық ауруханасының негізінде құрылған.

Ең алғашында ол Шымкент қалалық патологиялық-анатомиялық  бюросы болып құрылып, кейіннен 2008 жылы 4 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық патологиялық анатомиялық бюросы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорыны болып қайта құрылады.

2018 жылғы 28 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының  шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны болып қайта құрылады.

2018 жылғы 21 қыркүйекте Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны болып қайта құрылады.

Мақсаттары мен міндеттері

Бюро қызметiнiң мәнi  денсаулық  сақтау саласында  қызметті  жүзеге  асыру  болып  табылады.

Бюро қызметiнiң мақсаты патологиялық – анатомиялық қызмет көрсету болып табылады.

Қойылған мақсаттарды iске  асыру  үшiн  Бюро  медициналық  қызметке  берілген  мемлекеттік  лицензияға  сәйкес қызмет  түрлерiн  жүзеге  асырады.

Бюро  күнделікті төмендегідей жұмыстарды атқарады:

Операциялық-биопсиялық материал бойынша өмір бойы патогистологиялық диагностика;

Өлімнің себептерін анықтау үшін аутопсия жасау, түпкілікті (патоморфологиялық) диагнозды тұжырымдау;

Патологиялық-анатомиялық қызмет жұмысының күнделікті тәжірибесіне зерттеудің заманауи әдістерін енгізу;

Аутопсия нәтижелері бойынша емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын талдау;

Баспа жағындыларын цитологиялық зерттеу.

Бюро құрылымы

Бюро  құрылымында мынадай бөлімшелері бар:

Гистологиялық зертханасы бар жалпы патология бөлімі

Гистологиялық зертханасы бар балалар патологиясы бөлімі

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі

Гистологиялық зертханасы бар Түркістан қаласындағы патологиялық-анатомиялық бөлімше